Астанада екі жігіт азық-түлік тиелген жүк көлігін тонамақ болды

Астанада екі жігіт азық-түлік тиелген жүк көлігін тонауға әрекеттенді.

Оқиға аулада болған. Ер адамдар сауда өкілінің жүк көлігінің кузовының артқы бөлігі құлыпталмағанын байқап, осыны пайдалануға шешім қабылдаған.
Олар тауардың бір бөлігін алып шығып, автокөлікке тиеген және қашып кетпек болған. Алайда үй тұрғыны оларды байқап, полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктілерді ауладан алыс емес жерде, қашуға әрекеттенген тұста ұстады. Ұрланғанның бәрі тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдіктілер изоляторға жеткізілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


