Владислав Даванков Марина Шестакованы қызметінен шеттетуді талап етті

«Новые Люди» партиясының депутаты, Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владислав Даванков Институт диабета директоры Марина Шестакованы қызметінен шеттетуді талап етті.

Бұған дейін Марина Шестакова жаңа препараттарды тек еңбекке қабілетті адамдарға ғана беру керек деген ұсыныс айтқан. Оның логикасы бойынша, мүгедектер, қарттар және ауыр науқастар экономика үшін пайдалы емес, сондықтан «барымен» емделе берсін деген ұстаным білдірілген.
Владислав Даванков бұл мәлімдемені «жол беруге болмайтын» деп атап, денсаулық сақтау министріне жүгініп, Шестакованың қазіргі қызметінен шеттетуді талап етті. Сонымен қатар ол «пациенттің экономикалық пайдалығы» деген критерий федералдық құжаттарға енгізілмейтіні ресми түрде расталуын сұрады.
Даванковтың айтуынша, ресми тұлғалар «ерте Спарта деңгейіндегі» мәлімдемелер жасап отыр: «кім күшті — керек, кім әлсіз — керек емес». Ол мұндай көзқарасты тоқтатуға шақырды.
📢 Прямой эфир | 📲Наш MAX


