Дастан Сатпаев әлемдік футболдың 50 басты таланты қатарына енді

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев әлемдік футболдағы 50 басты таланттың рейтингіне енді. GOAL порталының нұсқасы бойынша 18 жастағы вингер тізімде 43-орынға орналасты.
Материалда Сатпаевтың Қазақстанда бірнеше рекорд орнатқаны атап өтіледі. Сондай-ақ бір көрсеткіш бойынша ол «Барселонаның» жұлдызды түлектерімен бір деңгейде болғаны көрсетілген.
Авторлар «Қайрат» сапындағы жарқын дебютінен кейін 17 жастағы форвардқа «Челси» назар аударғанын жазады. Мақалада лондондық клуб оның осы жазда «Стэмфорд Бриджге» ауысуына байланысты төрт миллион еуроға келісім жасағаны айтылған.
GOAL мәліметінше, Сатпаев желтоқсанда еурокубоктардың негізгі кезеңінде гол соғып, Чемпиондар лигасында өзінен де жас жаста гол соққан ойыншылар ретінде тек Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана аталады. Сонымен бірге ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі ең жас гол авторы екені көрсетілген.
Материалда Сатпаевтың ойын мәнері мен шабуылды аяқтау қабілеті бойынша аңызға айналған аргентиналық форвард Серхио Агуэроға ұқсатылған. Авторлар 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты маусымында оның 14 гол және 7 нәтижелі пас жасағанын атап өтіп, «BlueCo» жүйесіне ауысқаннан кейін жаңа деңгейге қалай бейімделетініне қызығушылық жоғары екенін жазады.
Дастан Сатпаев — Қазақстанның Чемпиондар лигасындағы рекордшысы Еске салайық, өткен маусым жас ойыншы үшін серпіліс болды: ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Копенгагенге» қарсы сырт алаңдағы матчта 81-минутта гол соқты. Сондай-ақ ол Бельгияға қарсы әлем чемпионаты іріктеуіндегі ойында Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды.
Өткен маусымда Сатпаевтың жалпы көрсеткіші — 20 гол және 8 нәтижелі пас. Оның ішінде: 14+7 — ҚПЛ-де, 3+1 — Чемпиондар лигасы іріктеуінде, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі мен Қазақстан кубогында бір-бір голдан.
Бұған дейін Дастан Сатпаевтың FIFA Series 2026 аясындағы наурыз айындағы матчтарды өткізіп алатыны белгілі болған. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Дастан Сатпаевтың жағдайын Хвича Кварацхелиямен салыстырып, 18 жастағы вингердің неге жастар құрамасында ойнамауы керектігін түсіндірген.
Сондай-ақ: Қазақстан — Намибия: құраманың матчын қайдан және қашан көруге болады


