Атырау облысы Жылыой ауданында құтқарушылар батпаққа батқан көліктегі 5 адамды эвакуациялады

Атырау облысы Жылыой ауданында құтқарушылар жолаушыларға көмек көрсетті. Ембі ауылынан 20 км қашықтықта жеңіл автокөлік батпаққа батып, қозғалыссыз қалған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері 5 адамды жедел эвакуациялап, Құлсары қаласына жеткізді. Уақтылы көрсетілген көмектің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.
⚠️ ТЖМ ескертеді: күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты дала жолдары мен жол жиегі жүруге қиын болып барады. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, күмәнді жол учаскелерінен аулақ болу сұралды.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




