Шахтинскіде тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, сегіз адам зардап шекті

Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллонынан газ-ауа қоспасының хлопогы тіркелді. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі — тұрғындардың қоңырауынан кейін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға туралы хабар Қарағанды облысы ТЖД-ның 112 пультіне полициядан түскен. Хабарлама алынғаннан кейін төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жеткен. Оқиға орнына келген кезде жиһаз бен үйдегі заттардың жануы анықталған.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды баспалдақ маршымен эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар ғимараттан өздігінен шыққан.
Тұрғындар үшін ТЖМ-нің вахталық автокөлігін пайдалану арқылы жылыту ұйымдастырылды. Сонымен қатар жылыту пункті де орналастырылды.
ТЖМ күштері өртті жалпы аумағы 40 шаршы метр жерде толық сөндірді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында ТЖД бастығы жетекшілік ететін өрт сөндіру штабы құрылды. Оқиға орнында өрт сөндіру есептоптары, ТЖМ құтқару топтары, сондай-ақ медициналық қызметтер, полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен мүлікті қасақана жоюға әкеп соққан өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасының мамандандырылған палатасына жатқызылып, конвой күзетінде. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалатыны көрсетілді. Қазір жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізіліп жатыр.


