Бішкекте өткен белбеу күресінен қазақстандық полиция капитаны Арайлым Оразбай жеңіске жетті 🥇

Бішкекте өткен белбеу күресінен байрақты бәсекеде қазақстандық полиция қызметкері жеңіске жетті 🥇

12 мемлекеттен 150-ден астам спортшы қатысқан жарыста +75 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (СОБР) инспекторы, полиция капитаны Арайлым Оразбай жоғары шеберлік көрсетті.
Жарыс барысында ол Қырғызстан, Иран және Жапония палуандарын сенімді түрде жеңіп, финалда Өзбекстан спортшысын 3:1 есебімен ұтып, жүлделі І орынды иеленді.
Осы нәтижемен Арайлым Оразбай екінші рет Азия чемпионы атанып, ел намысын абыроймен қорғады.
Сондай-ақ “ARLAN” клубының спортшысы алдағы уақытта да республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен жауынгерлік рухын дәлелдей беретіні айтылды.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ


