Қазақстандық еркін күрес балуандары Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Еркін күрестен Қазақстан балуандары Азамат Даулетбеков пен Едыге Касымбек Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Турнир Бішкекте өтті.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін белдесуде Даулетбековке жапониялық Такаши Ишигуро қарсылас болды. Азамат үзіліске дейін бірнеше тиімді әдіс жасап, есепте 6:0 есебімен алға шықты.
Белдесудің екінші бөлігінде қарсыластар ұпай ала алмады.
Осылайша, Азамат кездесуде жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Едыге Касымбек те қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін белдесуде ол Қытай спортшысы У Бухеердунды бір ұпай айырмасымен ұтып, есепті 8:7 етті.
Ал 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен еркін күресші Болат Сакаев Қазақстанға тағы бір медаль әкелуі мүмкін еді, алайда ол Бахрейн өкілі Хидир Сайпудиновқа жол берді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қолына кішкентай баланы ұстап алып, қазақ күресі жарысы кезінде өз шәкіртін белсенді қолдап тұрған ер адам бейнеленген видео танымал болған еді.


