Болат Сакаев пен Азамат Даулетбеков Бішкектегі Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес балуандары Болат Сакаев пен Азамат Даулетбеков жартылай финалға шықты.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Болат Сакаев Сон Ган Джиді (Солтүстік Корея) жеңді. Белдесу Сакаевтың 12:2 есебімен мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды.
Одан кейін 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Даулетбеков Моңғолиядан Бат Эрдене Бямбасуренді 3:0 есебімен ұтып, турнирдің жартылай финалына өтті.
Жартылай финалдар бүгін, 11 сәуірде өтеді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақ күресі жарысы кезінде қолында кішкентай баласы бар ер адамның өз шәкіртін белсенді қолдап тұрған видеосы кең тараған. Пайдаланушыларды сүйсіндірген бұл видео Түркістанда Қазақстан кубогы кезінде түсірілген.
Казахстанец победил чемпиона из Узбекистана на ЧА-2026


