Ақтөбе облысында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері ауылдардың өрт қауіпсіздігін күшейтуде

Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар құрған «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері маңызды рөл атқарып отыр. Аталған бастама Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жүзеге асырылған.

2025 жылы 6 жаңа пункт ашылды. Олар жалпы саны 17 мыңнан астам халқы бар 19 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Пункттердің иелігінде 7 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, ал құрамында 32 ерікті жасақталған.
2026 жылдың басынан бері бұл бөлімшелер өздерінің тиімділігі мен жедел әрекет ету қабілетін көрсетті: өз күштерімен 6 өртті сөндірді. Сонымен қатар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп тағы 11 өрттің алдын алды.


