Ақмола облысында су тасқыны жағдайына аэровизуалдық мониторинг жүргізілді

Ақмола облысында су тасқыны жағдайының аэровизуалдық мониторингі жүргізілді.

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков және Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов бастаған жұмыс тобы су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Ақмола және Қарағанды облыстарының аумақтарына әуеден тексеру жүргізді.
Мониторинг барысында қар қоры бағаланып, Нұра және Есіл өзендерінің арналары тексерілді.
Мұндай іс-шаралар су басу қаупін уақтылы анықтауға, осал учаскелерді белгілеуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


