Қарағанды облысында су тасқынына қарсы кешенді шаралар жалғасып жатыр

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы кешенді шараларды іске асыру жалғасуда.

Осакаров және Қарқаралы аудандарында су басу қаупін төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, арық жүйелері мен су өткізу құрылыстары тазартылып жатыр. Сонымен қатар инертті материалдар салынған қапшықтар төселіп, ықтимал қауіпті учаскелер нығайтылуда.
Қабылданып жатқан шаралар су тасқыны қаупін азайтуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


