Алматы тауларында құтқарушылар «Горельник» шатқалында төмен түсе алмаған жастарға көмектесті

Алматы тауларында құтқарушылар «Горельник» шатқалындағы «Орлиное гнездо» бақылау нүктесінің маңында өздігінен төмен түсе алмай қалған жігіт пен қызға көмек көрсетті.

Құтқару қызметіне жастардың төмен түсе алмай қалғаны туралы хабар түскеннен кейін, оқиға орнына құтқарушылар жедел түрде жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында олар табылды.
Құтқарушылардың мәліметінше, жастар иттердің немесе басқа жануарлардың ұлығанына ұқсас дыбыстардан қорқып, көмек сұраған. Сондай-ақ олардың тауға тиісті киім мен қажетті жабдықсыз шыққаны анықталды, бұл өздігінен түсуін қиындатқан.
Құтқарушылар жастарды Медеу бөгетіне дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған, операция аяқталғаннан кейін олар өздігінен кетіп қалған.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе


