Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары 2008 жылы туған екі жасөспірімге көмек көрсетті

🏔 Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары жасөспірімдерге көмек көрсетті
Медеу ауданында, «Энтузиасттар» алаңында (биіктігі 2800 м) 2008 жылы туған екі жасөспірім «Фурманов шыңынан» түсіп келе жатып, тоңып, қатты шаршаған. Жағдайларын бағалай отырып, олар құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына «Бұтақты» құтқару-бақылау пунктінен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел шықты. Құтқарушылар жасөспірімдерге жетіп, оларды Медеуге дейін қауіпсіз түрде түсіріп жеткізді.
🙏 Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.
⚠️ ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында өз күшіңізді дұрыс бағалап, ауа райын ескеріп, жылы киім мен байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алыңыз.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




