Түркістан облысы полиция департаментінде полицейлер отбасыларына арналған ашық есік күні өтті

💠 Погондағы өмір: балалардың көзімен
Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің инспектор-психологтары полицейлер отбасыларын қолдауға бағытталған ашық есік күнін өткізді.
👮♀️ Саптық алаңда өткен іс-шара барысында келушілерге оқу-жаттығу взводы мен арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметтік техникасы, қару-жарағы және формалық киім үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар қызметтік автокөліктер мен бейнебақылау жүйелері көрсетіліп, олардың жұмыс істеу қағидаттары түсіндірілді.
👨👩👧👦 Іс-шараға қатысқан қызметкерлердің отбасы мүшелері полицейлердің күнделікті қызметіндегі жауапкершілікті тереңірек түсініп, жақындарының еңбегіне деген құрметін арттыра түсті.
#ЗАКОНИПОРЯДОК #НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...





