Астана – Омск бағытында жаңа жолаушылар вагондары іске қосылды

Астана – Омск теміржол бағытына жаңа жолаушылар вагондары іске қосылды.

Жаңа вагондарда климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелері қарастырылған. Сондай-ақ Wi‑Fi, розеткалар мен USB-порттар, биодәретханалар және жақсартылған жылу оқшаулауы бар.
Астана – Омск бағыты бойынша құрам 8 вагоннан (купе және плацкарт) тұрады. Пойыз аптасына үш рет — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Нұрлы жол станциясынан жөнелту уақыты — 19:40 (Астана уақыты), Омбыға келу — 08:18 (Мәскеу уақыты).
Кері бағытта: жөнелту — 12:07 (Мәскеу уақыты), Астанаға келу — 04:48 (Астана уақыты). Жол жүрудің жалпы уақыты — 14 сағат 53 минут. Астана – Омск бағыты бойынша вагондар өткен жылдың қысынан бері қатынап жүр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


