ТЖМ балалар қауіпсіздігі туралы дрон арқылы ескертті

Бар болғаны бір минут… және қайғылы жағдай орын алуы мүмкін.
Әрбір көпқабатты үйде кішкентай балалар бар. Олардың қауіпсіздігі — бір сәтке де ұмытпау керек басты басымдық.

Алдын алу жұмыстарында ТЖМ дауысзорайтқышпен жабдықталған дрондарды қолданады. Әуеден берілетін ескертулер ересектер мен балалардың назарын аударып, сақ болуға шақырады.
Терезелерге бекіткіштер, торлар мен құлыптар орнатыңыз — балаларыңызды қорғаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
🎥 Бейнероликті СҚО ТЖД қызметкерлері дайындады
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


