Қырғызстанда қазақстандық әйел бала саудасы үшін 12 жылға сотталды

Қырғызстанда қазақстандық әйел бала саудасы бойынша сотталып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ГКНБ) мәліметінше, қазақстандық әйелге және оның сыбайласы — Қырғызстан азаматына қатысты адам саудасы бабы бойынша қылмыстық іс 2024 жылы қозғалған. Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел мен ер адам кәмелетке толмаған балаларды Қырғызстаннан тыс жерге заңсыз әкету арнасын ұйымдастырған.
Тергеу анықтағандай, Қазақстан азаматы А.А. Израиль азаматы А.Б.-мен қылмыстық сөз байласып, ақшалай және өзге де мүліктік сыйақы үшін Қырғызстан азаматы С.С.-тен үш кәмелетке толмаған баланы сатып алған.
Хабарламада балаларға қатысты азғындық сипаттағы әрекеттер жасалғаны айтылған. Атап айтқанда, балалардың денесін жалаңаштап, олардың интимдік бөліктеріне баса назар аударумен байланысты аморальды және культтік рәсімдер жасалып, кейін оларды суретке түсіріп, әлеуметтік мессенджерлер арқылы Қырғызстаннан тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жібергені көрсетілген. Сонымен қатар, аталған қылмыстық топ Қырғызстан азаматы Д.К.-ның екі кәмелетке толмаған баласына толық қамқоршылық алуға рұқсат алып, оларға қатысты да осыған ұқсас әрекеттер жасалғаны баяндалған.
Жиналған қылмыстық іс материалдары Бішкектің Первомай аудандық сотына мәні бойынша қарауға жолданған. Нәтижесінде 2026 жылғы 12 наурызда сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады: Қазақстан азаматына 12 жыл, Қырғызстан азаматына 11 жыл, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы белгіленді.
Еске салайық, Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған. Полиция дерегінше, әйел жүктілік кезінде-ақ сатып алушы іздеген. Ол баланы беру үшін ақша тапсыру сәтінде ұсталған.
Читайте также: Многодетная казахстанка попала под суд за торговлю людьми


