Астанадағы поликлиникада Италияға турлар мен тұрмыстық техникаға 675 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған

Астанадағы поликлиникалардың бірінде 675 млн теңгеден астам қаражат Италияға турлар мен тұрмыстық техника сатып алуға жұмсалған.
Прокуратура бюджет қаражатын шығару схемасын анықтады: Астанадағы поликлиникалардың бірінің бұрынғы басшылығы азаматтарды емдеуге арналған ақшаны туыстары мен аффилирленген тұлғалардың шоттарына аударып отырған.
Ұрланған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техникаға және Италияға туристік сапарларға жұмсалған.
Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


