Қазақстандық жас ушуистер Қытайдағы әлем чемпионатында жүлде алды

Қазақстандық жас ушуистер Қытайда өткен ушу таолу бойынша әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Әлем біріншілігінде медаль үшін тартыс қызу өтті. Планетаның 17 ең мықты жас спортшы қызынан құралған топта Қазақстан құрамасының өкілі — Ақтаудан келген Айару Мухаметова — қола медаль иеленді.
Өзінің үздік қасиеттері мен талантын қайта дәлелдеген Айару әлем чемпионатының үздік үштігіне енді.

Қазақстанның ушу федерациясының мәліметінше, Тяньцзинь қаласында өткен әлем чемпионатындағы бәсеке тарихи тұрғыда жоғары деңгейде болды. Бұл ушу таолудың 2026 жылы Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілуімен байланысты.
Федерацияда Қазақстан спортшыларының дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Құрама қоржынында қазірдің өзінде 1 күміс және 4 қола медаль бар. Даниил Джеджула күміс және қола медаль иеленсе, бұған дейін қола медальді Алижан Мухаметов жеңіп алған.

Қазақстандық спортшылардың барлығы Алексей Бабенконың жетекшілігімен жаттығады. Ол — ушудан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы.

Әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстан құрамасының мүшелері Қытайда, әлемдегі жетекші ушу мектептерінің бірінде оқу-жаттығу жиындарынан өтті.


