ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы ескертті: мониторинг күшейтіліп, профилактикалық түсірулер жүргізілуде

⚠️ ТЖМ қар көшкінінің қаупі туралы ескертеді

«Қазселденқорғау» мамандары көшкін қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Мәліметке сәйкес, 378 жерүсті тексеру өткізіліп, 110 ескерту белгісі орнатылған.
Ауа райының тұрақсыздығы мен қардың жиналуына байланысты қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі сақталуда.
Көшкін қауіпті кезең басталғалы 66 қар көшкіні тіркеліп, қауіпсіздік мақсатында 99 профилактикалық түсіру жүргізілген.
❗ Қауіп Алматы қ., Алматы облысы, ШҚО, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында жоғары.
🚫 ТЖМ тауға барудан және қарлы беткейлерге шығудан бас тартуды ұсынады.
Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыздар.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


