Прагада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр: Самоделкина 12-орында, Жиренбаев 35-орында аяқтады

Прагада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан атынан жарысқа Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қатысты. Михаил Шайдоров турнирді өткізіп алды.
Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін 12-орында болды.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін спортшы төрешілерден 120.58 балл алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.
Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото жеңіп алды — 238.28. Ол төрт дүркін әлем чемпионы атанды.
Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада 59.34 ұпай жинап, қорытындысында 35-орын иеленді.
Ол еркін бағдарламаға өте алмады. Ол үшін қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.
Ерлер арасындағы аралық көшбасшы — америкалық Илья Малинин (111.29).
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


