Зерттеу: туристерден ұрлық жиі айтылатын қалалардың қатарында Барселона да бар

Еуропада демалыс жоспарлаған саяхатшылар әдетте көрікті жерлерді аралауды күтеді. Алайда танымал орындарға туристермен бірге қалта ұрылары да жиі жиналады. Жаңа зерттеу бірқатар әлем қалаларында туристерден ұрлық әлі де ең жиі кездесетін мәселелердің бірі екенін көрсетті.
Антирейтингте кімдер бар Radical Storage сервисінің аналитиктері 2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде Google-де қалдырылған 13 000-нан астам пікірді зерттеген. Талдауда «қалта ұры», «ұрлық», «алаяқтық» сияқты кілт сөздер қолданылған.
Зерттеу дерегіне сәйкес, Барселона туристерден ұрлық туралы ескертулер саны бойынша әлемде үшінші орынға шыққан. Бұл қалаға осындай пікірлердің 5,3 пайызы тиесілі. Рейтингте одан жоғары Париж (16,5 пайыз) және Рим (10,7 пайыз) ғана орналасқан.
Неліктен туристер қалта ұрыларына жиі жем болады Зерттеу авторлары ұрлық деңгейінің жоғары болуын ең алдымен туристер ағынының көптігімен байланыстырады.
Саграда Фамилия, парк Гуэль және Ла Рамбла сияқты орындарда үнемі адам көп болады. Қалың топ, қарбалас және туристердің алаңғасарлығы қалта ұрыларына қолайлы жағдай жасайды. Көбіне әңгіме телефон, әмиян және сөмке сияқты заттардың ұсақ ұрлығы туралы. Қаскөйлер жылдам әрі байқатпай әрекет етіп, алдын ала «пысықталған» тәсілдерді қолданады.
Сонымен қатар жәбірленушілер жоғалғанын жиі бірден байқамай қалады.
Аналитиктер ресми деректердің (мысалы, Барселона бойынша) ұрлық туралы арыздардың азайғанын көрсетуі мүмкін екенін атап өтті. Бірақ бұл міндетті түрде ұрлықтың азайғанын білдірмейді.
Мәселе басқа: туристер полицияға жиі жүгінбей жүр.
Сарапшылардың айтуынша, көптеген саяхатшы, әсіресе қалада қысқа уақытқа ғана болса, құжат рәсімдеуге уақыт жұмсағысы келмейді. Көбіне туристер затын қайтарамыз деп үміттенбейді. Осы себептерге байланысты нақты ауқым ресми есептерде көрсетілгеннен жоғары болуы мүмкін.
Ұрлық деңгейі төмен қалалар Зерттеу қылмыс сипатының қалаға қарай өзгеретінін де көрсетеді.
Мысалы:
- Орландода агрессивтірек ұрлықтар жиірек аталады;
- Делиде алаяқтық жағдайлары көбірек кездеседі.
Ал керісінше мысалдар да бар. Мугла, Шанхай және Ханой сияқты қалаларда ұрлық туралы ескертулер деңгейі өте төмен — шамамен 0,1 пайыз.
Сарапшылар антирейтинг көшбасшыларын да жалпы алғанда толықтай қауіпті деуге болмайтынын атап өтеді. Мәселе көбіне жергілікті сипатқа ие және ең алдымен нақты туристік аймақтармен байланысты.
Туристерге қандай кеңес беріледі Негізгі қағида — әсіресе адам көп жерде сақтық таныту. Мынаны ескерген жөн:
- құнды заттарды көзге түсіріп ұстамау;
- сөмке мен қалтаға мұқият болу;
- қалың топ ішінде сақ жүру;
- күмәнді жағдайларға алаңдап қалмау.
Бұған дейін Tripadvisor сервисі жыл сайынғы Travellers’ Choice Awards Best of the Best рейтингін жариялаған. Онда қызығушылық ең жылдам өсіп жатқан бағыттар жинақталған. Тізімге платформа сипаттамасы бойынша саяхатшылар қауымдастығына «әлдеқашан сүйікті» әрі бір мезгілде «жылдам танымал болып келе жатқан» орындар енген.
Оқыңыз сондай-ақ: Әлемдегі ең қонақжай қалалар аталды


