Қазақстанның футбол чемпиондары Санкт-Петербургке ұша алмай, Мәскеу арқылы автобуспен жетті

Қазақстанның футбол чемпиондары Санкт-Петербургке "Зенитке" қарсы жолдастық матч өткізу үшін аттанды. Алайда ойыншылар отырған ұшақ Пулково әуежайына қона алмай, Мәскеуге ұшуға мәжбүр болды.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Алматыдан шыққан рейс бейсенбіден жұмаға қараған түні Пулково әуежайына келуі тиіс болған. Дегенмен Санкт-Петербург пен Ленинград облысы аумағында БПЛА қаупіне байланысты рейс Мәскеуге қайта бағытталған.
Нәтижесінде қазақстандық команда Мәскеуден Санкт-Петербургке автобуспен жеткен. Алматыдан шыққан уақытты есептегенде, жалпы жол жүру уақыты шамамен бір тәулікті құраған.
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Клуб өкілдері рейстің БПЛА қаупіне байланысты Мәскеуге қонуға мәжбүр болғанын және команданың Санкт-Петербургке автобуспен жеткенін нақтылаған.
Еске салайық, "Қайрат" Санкт-Петербургте "Зенитке" қарсы матчты 28 наурызда өткізуі тиіс.
Бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабының баспасөз қызметі әйелдер футболы тарихындағы ең жылдам голды атаған.
Сондай-ақ Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Испанияға сапарынан кейін клубтың орналасқан жеріне қайта оралған.


