Абиба Абужакынова үйлену тойы қарсаңында да мансабын аяқтамайтынын айтты

Қазақстанның атақты дзюдошысы Абиба Абужакынова алдағы үйлену тойына қарамастан, спорттық мансабын аяқтауды жоспарламайтынын айтты.
28 жастағы спортшы 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін келесі Олимпиада ойындарына жолдама алуды көздеп отыр.
«Мен әлі спорттан кеткен жоқпын, тағы 3–4 жыл күресемін. LA 2028», — деп жазды Абиба әлеуметтік желіде.
Бірнеше күн бұрын елдің ең титулды дзюдошысы сырға салынғанын жариялаған болатын. Алайда спортшы салтанаттың нақты күнін айтпады.
«Олимпиада медалі жоқ болса, тұрмысқа шықпаймын» — Олимпиададан кейінгі Абибаның мәлімдемесі

Еске салайық, 2024 жылы Парижде өткен соңғы Олимпиадада Абужакынова медаль жеңіп ала алмады. Ойындар аяқталғаннан кейін ол ықтимал үйлену тойына қатысты резонанс тудырған мәлімдеме жасаған.
«Әйел бақытының отбасыда екенін білемін, бірақ алдымен спорттық арманымды орындауым керек. Олимпиада медалі жоқ болса, тұрмысқа шықпаймын», — деген еді дзюдошы 2024 жылдың желтоқсанында.
Содан бері Абиба әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды. Қазір оның әлем біріншіліктерінде үш жүлдесі бар: 2022 және 2024 жылдардағы қола, 2025 жылғы күміс. Биыл әлем чемпионаты қазан айында Бакуде (Әзербайжан) өтеді.
«Мен “иә” дедім» — Абиба Абужакынова тұрмысқа шығатынын жариялады
Бұған дейін Қазақстанның әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен беделді турнирдің жартылай финалына шықты.
Сондай-ақ Қазақстан дзюдо федерациясы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жаңа операциядан өткені туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.


