Алматыда «Е-лицензиялау» жүйесіне жалған дерек енгізу арқылы лицензия алған топтың әрекеті әшкереленді

🏦 Алматы қаласы бойынша АФМ департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәлімет енгізіп, кейін лицензия алу мақсатында әрекет еткен адамдар тобының қызметін әшкереледі.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2021 жылдан бастап қылмыстық схемаға қатысушылар Алматы қаласының КММ «Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы» қызметкерлерімен сөз байласа отырып, өз бақылауындағы компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық қызметкерлердің бар екені туралы жалған мәліметтер ұсынған. Бұл ретте белгіленген талаптарға нақты сәйкестік болмаған.
Нәтижесінде қолданыстағы біліктілік нормаларын айналып өтіп, архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 400-ден астам заңды тұлға I санаттағы лицензияларды заңсыз алған.
Тінту шаралары барысында заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен заттар тәркіленді.
➡️ Осындай «қызметтерді» көрсеткені үшін ұйымдастырушылар 2 млн-нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы алған.
Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/tiE7n65gPWzfQQ


