28 наурызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жылы көктем, батыста жаңбыр мен найзағай күтіледі

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 28 наурызда жауын-шашынсыз, шынайы жылы көктемгі ауа райы күтіледі. Тек батыста, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында жекелеген күндері найзағайлы жаңбыр болуы мүмкін.
Қалалар бойынша
Астана — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 1° жылы, күндіз 12–14° жылы.
Алматы — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 7–9°, күндіз 20–22° жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 4° жылы, күндіз 10–15° жылы.
Шымкент — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 11–13°, күндіз 26–28° жылы.
Өңірлер бойынша
Ақмола облысы — жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел шығыстан 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 3° аяз — 2° жылы, күндіз 12–17°, облыстың оңтүстік-шығысында 9° жылы. Көкшетау — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 1° жылы, күндіз 14–16° жылы.
Алматы облысы — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 7–12° жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 1° аяз — 4° жылы, күндіз 20–25°, таулы аудандарда 10–15° жылы. Қанаев — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4°, күндіз 20–22° жылы.
Жетісу облысы — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 4° жылы, облыстың оңтүстігінде 8° жылы, таулы аудандарда 6° аяз, күндіз 15–20°, шығыста және таулы аудандарда 12° жылы. Талдықорған — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 1° жылы, күндіз 18–20° жылы.
Түркістан облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 10–15°, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 5°, күндіз 25–30°, солтүстікте және таулы аудандарда 21° жылы. Түркістан — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 13–15°, күндіз 28–30° жылы.
Батыс Қазақстан облысы — күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–7°, облыстың оңтүстігінде 12°, күндіз 17–22°, оңтүстікте 25° жылы. Орал — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 2–4°, күндіз 17–19° жылы.
Атырау облысы — түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, күндіз жаңбыр. Облыстың батысы мен оңтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 11–16°, облыстың солтүстік-батысында 7°, күндіз 18–23°, облыстың батысында 15° жылы. Атырау — ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 13–15°, күндіз 18–20° жылы.
Маңғыстау облысы — жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр. Облыстың батысында тұман. Облыстың орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысады 9–14 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде 10–15°, күндіз 15–20°, облыстың батысында 11° жылы. Ақтау — бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең кей уақытта нөсер жаңбыр, тұман. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысады 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 11–13° жылы.
Ақтөбе облысы — жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 2–7°, облыстың батысы мен оңтүстігінде 12°, күндіз 17–22°, оңтүстікте 25° жылы. Ақтөбе — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 7–12 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 4–6°, күндіз 20–22° жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 2° аяз — 3° жылы, күндіз 12–17°, облыстың шығысында 9° жылы. Петропавл — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде 5–10 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 1° жылы, күндіз 14–16° жылы.
Павлодар облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 3° аяз – 2° жылы, облыстың шығысында 6° аяз, күндіз 6–11°, облыстың батысы мен оңтүстігінде 14° жылы. Павлодар — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз – 1° жылы, күндіз 8–10° жылы.
Қарағанды облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5° жылы, облыстың шығысында 5° аяз, күндіз 12–17°, облыстың батысында 7°, оңтүстігінде 20° жылы. Қарағанды — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 1–3°, күндіз 14–16° жылы.
Ұлытау облысы — жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде 2–7° жылы, облыстың шығысында 1° аяз, күндіз 18–23°, шығыста 15° жылы. Жезқазған — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5°, күндіз 18–20° жылы.
Шығыс Қазақстан облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 4° аяз — 1° жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 8–13° аяз, күндіз 7–12°, облыстың шығысында 3° жылы. Өскемен — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 4–9 м/с. Ауа температурасы түнде 0–2° аяз, күндіз 7–9° жылы.
Абай облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3° аяз — 2° жылы, облыстың шығысында 6° аяз, облыстың оңтүстігінде 5° жылы, күндіз 8–13°, оңтүстікте 18°, шығыста 5° жылы. Семей — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 4–9 м/с. Ауа температурасы түнде 1° аяз — 1° жылы, күндіз 9–11° жылы.
Қызылорда облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл. Жел шығыстан: түнде 9–14 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 9–14°, күндіз 23–28° жылы. Қызылорда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта шаңды дауыл. Жел шығыстан 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 10–12°, күндіз 24–26° жылы.
Жамбыл облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 7–12°, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында 3°, күндіз 18–23°, солтүстікте және таулы аудандарда 15° жылы. Тараз — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 7–9°, күндіз 20–22° жылы.


