Таиланд билігі туристерді TDAC жүйесін бүркемелейтін жалған сайттардан сақ болуға шақырды

Таиландқа сапар алдында туристерге мұқият болған жөн: ел билігі ресми кіру жүйесі ретінде көрінетін алаяқтық сайттар санының артқанын хабарлады. Иммиграциялық бюроның мәліметінше, келетін шетелдіктердің шамамен 10 пайызы тіркеуден жалған платформалар арқылы өтіп, тек ақшасынан ғана емес, жеке деректерінен де айырылып қалу қаупіне ұшырайды.
Туристер үшін не өзгерді 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Таиландқа кіретін барлық шетел азаматтары алдын ала TDAC (Thailand Digital Arrival Card) жүйесінде онлайн-тіркеуден өтуге міндетті. Бұл — Азияның басқа елдерінде қолданылып жүрген жүйелерге ұқсас цифрлық келу картасы (мысалы, Оңтүстік Кореядағы K-ETA, Жапониядағы Visit Japan, Сингапурдағы SG Arrival Card).
Билік тіркеуді сапарға үш күн қалғанда рәсімдеуге кеңес береді.
Форманы толтырғаннан кейін растау электрондық поштаға келеді. Рәсім толықтай тегін екені де атап өтілді.
Қауіп неде Иммиграциялық бюроның айтуынша, кейбір саяхатшылар қателесіп ресми сайтқа емес, оның көшірмесіне кіріп кетеді.
Мұндай беттер сырттай шынайы цифрлық келу картасынан айнымай көрінуі мүмкін. Туристер көбіне оның алаяқтық ресурс екенін білмей, жеке деректерін енгізіп жатады.
Тіркеу кезінде шетелдіктерден: - паспорт деректері, - тұратын мекенжайы, - рейс туралы мәліметтер сұралады.
Осыдан кейін қаскөйлер тіркеу тегін болса да, «қызмет» үшін ақша өндіріп алуы, сондай-ақ жеке деректерді алаяқтық схемаларда пайдалануы мүмкін. Таиланд билігінің мәліметінше, деректер енгізілгеннен кейін кейбір қолданушылардың банк карталарынан қаражат шешіліп кеткен жағдайлар болған.
Билік қандай шара қабылдап жатыр Иммиграциялық бюро профильді ведомстволармен бірлесіп жалған сайттарды бақылап, бұғаттап жатқанын мәлімдеді. Олар туралы ақпарат полицияға да беріледі.
Дегенмен, көптеген ресурстар Таиландтан тыс жерде орналастырылғандықтан, оларды жабу көбірек уақыт алады.
Еске салайық, қазақстандықтар Таиландта визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Бұған дейін Таиландта алкоголь сатуға қатысты жаңашылдық енгізіліп, сатып алушы жеткілікті түрде есі дұрыс емес болып көрінсе, сатудан бас тартуы мүмкін екені хабарланған.


