KREC тобының негізін қалаушы Артем Бровков (Fuze) АҚШ-тағы жол апатынан қаза тапты

Петербургтік KREC рэп-тобының негізін қалаушы әрі көшбасшысы Артем Бровков, тыңдарманға Fuze лақап атымен танымал музыкант, АҚШ-та болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты.
Музыканттың қайтыс болғанын оның жұбайы Instagram парақшасында жазды.
"Мне очень тяжело это писать, но Артема больше нет. Несколько часов назад он попал в страшную аварию, врачи сделали все, что смогли, но спасти его не удалось. Я прошу вас помнить и с уважением относиться ко всему, что он делал для мира во всех смыслах этого слова. Я его очень люблю и не знаю других таких добрых и честных людей", — написала она.
Артем Бровков 46 жаста болған.
Жарияланым астында әлеуметтік желі қолданушылары ондаған көңіл айту және қолдау пікірлерін қалдырды. Олардың қатарында: "Царствие небесное", "Горькая утрата для его близких и всех фанатов", "Вечная память", "Как же жаль", "Соболезнования родным и близким", "Светлая память замечательному артисту" деген сөздер бар.
Fuze туралы не белгілі Артём Бровков (Fuze) — петербургтік рэпер және KREC тобының негізін қалаушы. Ол бұл ұжымды 2001 жылы битмейкер Марат Сергеевпен бірге құрған. Топ атауы kitchen-records сөз тіркесінің қысқартылған нұсқасы.
Әртүрлі кезеңде ұжым құрамында Ассаи және Смоки Мо да болған. Топтың және оның қатысушыларының еншісінде 20-дан астам студиялық альбом мен сольдік релиз бар.
KREC тыңдарманға атмосфералық дыбысталуы және лирикалық мәтіндерімен есте қалған. Ұжымның ең танымал тректерінің қатарында "Еле дыша", "Нежность" және "Cтреляй" бар.
Артем Бровковтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтылады.


