Америкалық турист Қазақстандағы қоғамдық орында ән қосу еркіндігіне таңғалды

Блогер Павел таудағы сапар барысында америкалық турист Ашурдың Қазақстандағы әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, турист Қазақстандағы қоғамдық орындардағы еркіндікке, әсіресе ән қосу мүмкіндігіне таңғалған.

Ашур Қазақстандағы жағдайды өз елімен салыстырып, АҚШ-та қоғамдық орында ән қосу үшін арнайы орындар мен уақыттар белгіленетінін, бәрі қатаң бақыланатынын айтты.
«Америкада қоғамдық орында ән қосу үшін арнайы орындар мен уақыттар бар. Бәрі қатаң бақыланады. Ал Қазақстанда кез келген жерде жүріп, қалағаныңды істей аласың. Мұнда сен өз қалағаныңдай өмір сүресің, бақытты боласың», – деді ол.
Павел бұл пікірді тыңдаушыларға «Қазақстаннан кету керек» дейтін адамдарға ой салу мақсатында жеткізгенін атап өтті.
🎙️@ersirash
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


