НАСА Lunar Gateway жобасын тоқтатып, Ай бетінде тұрақты база салуға басымдық бермек

НАСА басшысы Джаред Айзекман агенттік Ай орбитасындағы ғарыш станциясын орналастыру жоспарларын тоқтатып, оның компоненттерін Ай бетінде тұрақты база салуға бағыттайтынын жариялады.
Агенттіктің мәліметінше, НАСА (NASA) Айды игеру стратегиясын түбегейлі өзгертіп, орбиталық станцияға емес, Айдың бетінде тұрақты база құруға назар аудармақ. Жоба бюджеті шамамен 200 миллиард доллар, ал іске асыру мерзімі шамамен жеті жыл деп аталды. Ұзақ мерзімді адам қатысуына бағытталған бағдарлама Марсқа ұшуларға дайындықты көздейді.
"Ешкімді таңғалдырмауы тиіс: біз Gateway-ді қазіргі түрінде тоқтатып, Ай бетінде үздіксіз жұмысты қолдайтын инфрақұрылымға назар аударамыз", — деді ол.
Lunar Gateway ғарыш айлағы зерттеу платформасы әрі ауысып міну пункті ретінде жобаланған: астронавтар Ай бетіне түсер алдында Айға қону модульдеріне осы жерден ауысуы тиіс болған.
НАСА Айда базаны үш кезеңмен салуды жоспарлап отыр:
- Бірінші кезеңде Айға жерүсті көлігі жеткізіліп, базалық энергетикалық, ғылыми және байланыс инфрақұрылымы құрылады.
- Екінші кезеңде серікте Жердегідей тіршілікке бейім инфрақұрылым мен логистикаға ұқсас жүйе жасауға талпыныс жасалады.
- Қорытынды кезеңде адамның Жер серігінде ұзақ уақыт болуына мүмкіндік беретін база құрылады. Айда тұрғын жайлар мен көлік пайда болуы мүмкін.
Соңғы аптада НАСА енгізген өзгерістер АҚШ-тың флагмандық ай бағдарламасы аясындағы «Артемида» жобасында миллиардтаған долларлық келісімшарттарға әсер ететіні айтылды.


