Шымкенттегі Нурайдың өліміне қатысты іс: күдіктіге психикалық бұзылыстар анықталып, мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Полиция Нурайдың өліміне қатысты күдіктіге байланысты тергеу кісі өлтіру, некеге мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ДП мәліметінше, күдіктіні психиатрлар екі рет тексерген. Екі сараптама да оның психикалық бұзылыстары бар екенін анықтаған. Қазіргі уақытта ер адам мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Емдеу аяқталғаннан кейін оны қайтадан тергеу изоляторына этаптап, тергеу жалғасады.
Қайғылы оқиға 11 қаңтарда Шымкентте болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, 28 жастағы ер адам Нурайды ұзақ уақыт бойы аңдып, кейін оған пышақпен шабуыл жасаған. Қыз оқиға орнында қаза тапқан. Екі күннен кейін күдікті қала сыртында шамамен он шақырым жерде ұсталған.
Нурайдың жақындары бұған дейін ер адамның қызды бірнеше ай бойы аңдып, мәжбүрлі некеге тұрғызу үшін ұрлауға әрекеттенгенін айтқан.
Диктор: @irinaleliavskaia


