Қарағандыда әйел мен 12 жастағы қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды

Қарағандыда әйел мен оның 12 жастағы қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы ер адам өзіне тіркелген қарудан атып, өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мәйіті Ақтоғай ауданында табылған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, тексеру жүргізілуде.
Еске салайық, 26 наурызда Қарағандыдағы Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіттері табылған болатын. Қаза тапқандардың денесінен зорлықпен өлтірілгенінің белгілері анықталған.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


