Атырауда жаңбырдан кейін қайтадан жарық сөніп, 9 300-ден астам үй электрсіз қалды

Атырауда жаңбырдан кейін қалада қайтадан электр жарығы өшіп, жаппай ажыратулар 9 300-ден астам үйді қамтыды.
Қала тұрғындары жаңбыр жауып, қатты жел тұрған кезде электр қуатында үзілістер болатынына үйреніп қалғаны айтылды.
Бүгін Атыраудың әртүрлі аудандарында электр энергиясы бірде өшіп, бірде қайта қосылған. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жекелеген көшелер мен шағынаудандарды электрмен қамтамасыз ететін кейбір қосалқы станцияларда апаттық жағдайлар болған.
«„Атырау Жарық“ ЖШС-нің жөндеу бригадалары электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіп жатыр», — деді Атырау қаласы әкімдігі баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.
Компанияның баспасөз қызметі қосалқы станцияларда сегіз арнайы бригада жұмыс істеп жатқанын, ал электр энергиясын беру кезең-кезеңімен қалпына келтірілетінін хабарлады.
Еске салайық, 24 наурызда Атырауда қатты жаңбырдан кейін қаланың орталық көпірінде жас қыз бен жігітті ток соққан, сондай-ақ кейбір тұрғындардың электрмен жабдықталуы өшкен еді.


