Астанада байланыс қызметкері болып танысқан алаяқтар 20 млн теңге ұрлады

Астанада байланыс саласының қызметкері болып танысқан алаяқтар 20 млн теңге жымқырды.
Ірі алаяқтық дерегі Сарайшық ауданында тіркелген. Қаскөй елорда тұрғынына қоңырау шалып, өзін ұлттық оператордың қызметкері ретінде таныстырып, телеканалдарға «30% жеңілдік» ұсынған.
Осы сылтаумен ол жәбірленушінің телефонына қол жеткізген. Бұдан кейін құрылғы бұғатталып, депозиттен 20 млн теңге ұрланған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


