Жамбыл облысында халықаралық іздеуде болған ерлі-зайыпты ұсталды

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде болған ерлі-зайыпты ұсталды.
Тергеу дерегінше, 40 жастағы ер адам және оның 45 жастағы жұбайы әртүрлі сылтаулармен алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Астана мен Семей тұрғындарының ақшасын иемденген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 миллион теңге деп көрсетілді.
ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталған. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Алматыда Интерпол іздеген Түркия азаматы жеңгетайлық үшін ұсталғаны хабарланған. Сол уақыт аралығында ер адамның жынысын ауыстырып, әйел болғаны анықталған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


