Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тауда жоғалған төрт адамнан тұратын отбасы табылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тауда жоғалған төрт адамнан тұратын отбасын іздестіру-құтқару операциясы аяқталды.
Екі ересек адам мен екі бала Шонжы кенті маңындағы демалыс аймағынан Алматы бағытына автокөлікпен шыққан, алайда кейін байланысқа шықпай қалған.
Түні бойы Алматы облысының құтқарушылары және «Барыс» жасағы үйіне оралмаған отбасын іздестірді. Іздеу жұмыстары отбасы басшысының ұялы телефоны өшірулі болуы және таудағы күрделі қарлы жағдайға байланысты қиындай түсті.
Құтқарушылар телефон биллингін пысықтап, Бартогай су қоймасы маңындағы аумақты тексеру барысында жоғалғандарды 24 наурыз күні таңғы сағат 05:00-де Ассы платосы ауданынан тапты. Онда олардың жол талғамайтын көлігі қарға мықтап батып қалған.
Медициналық көмектің ересектерге де, балаларға да қажет еместігі анықталғаннан кейін құтқарушылар көлікті жолдың тазартылған бөлігіне дейін сүйреп шығарды.
МЧС таулы аймақ арқылы маршрут жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын және жолдың күйін ескеруді ескертеді. Сондай-ақ қауіпсіздікке көз жеткізбей жолға шықпау қажет екені атап өтілді.


