Қарағандыда бес қабатты үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шығып, үш адам эвакуацияланды

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы Крылов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт орын алды.

Жалын үйдің ішіндегі тұрмыстық заттар, жиһаз, пластикалық терезе блогы мен балконның ағаш құрылымдарын 10 ш.м. алаңда шарпыды.
ТЖМ күштері мен құралдары шақырту орнына қысқа мерзімде жетіп, баспалдақ арқылы 3 адамды эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт жедел оқшауланып, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт қысқа уақытта сөндірілді.
✅ Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


