ТЖМ құтқарушылары Теміртау маңында адасып кеткен 1996 жылы туған азаматты тапты

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері Теміртау қаласынан 5 шақырым жерде 1996 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстарына шықты.

Белгілі болғандай, ер адам таңертең Ақтау кентінен жаяу түрде Теміртау қаласы бағытына шыққан. Алайда қою тұман салдарынан бағытынан жаңылып, адасып кеткен 🌫️.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде азамат Ақтау кентінен 3 шақырым жерде табылып, Ақтау кентіне жеткізілді ⛑️. Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


