ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында көлігі қар мен батпаққа батып қалған адамдарды эвакуациялады

Ақмола облысы Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде, Қызылкөл көлі маңында төрт ер адам мен бір бала қиын жағдайға тап болды: олардың жеңіл көлігі қалың қар мен батпаққа батып қалған.

Еріген қар салдарынан жолдар жүруге қиын учаскелерге айналып, өздігінен шығуға жасалған әрекеттер нәтиже бермеді.
⛑️ Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, қар мен батпақ басқан жолдарды еңсерді. ТЖМ қызметкерлері көлікті тауып, адамдарды эвакуациялады.
✅ Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


