Семейде тұрғын үй жертөлесіндегі өрт кезінде 10 адам эвакуацияланды

🔥 Семейде өрт кезінде 10 адам эвакуацияланды
Семей қаласында М. Бейсембаев көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты.
ТЖМ күштері құтқару қалпақтарының көмегімен баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
1,5 шаршы метр аумақтағы қоқыстың жануы жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Тұрғындар құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін #алғыс білдірді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...






