Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді

Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді. Чемпионат Моңғолияда ертең, 30 наурызда басталады.
Қазақстан ерлер және әйелдер арасында барлық салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді. Ерлер құрамасының сапында турнирге алты бірдей қазіргі әлем чемпионы аттанды.
Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин алдағы турнирге әлем чемпиондарын қоспады: Назым Қызайбай, Алуу Балкибекова, Аида Абикеева және Наталья Богданова. Олардың орнына жарысқа ел чемпиондары жіберілді.
Ерлер арасындағы жекпе-жектер - 50 кг: Санжар Ташкенбай — Ергешов (Қырғызстан) — Суреш (Үндістан) жұбының жеңімпазы; - 55 кг: Махмуд Сабырхан — Алмашале (Иордания) — Музафаров (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы; - 60 кг: Оразбек Асылкулов — Баскон (Филиппин); - 65 кг: Ертуган Зейнулинов — Ю Лин (Қытайлық Тайбэй); - 70 кг: Торехан Сабырхан — Ким (Оңтүстік Корея) — Саидов (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы; - 75 кг: Сабыржан Аккалыков — Яги (Жапония); - 80 кг: Ерасыл Жакпеков — Сатыбалды Уулу (Қырғызстан) — Эркинбоев (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы; - 85 кг: Нурбек Оралбай — Дору (Моңғолия) — Сулейман (Иордания) жұбының жеңімпазы; - 90 кг: Сагындык Тогамбай — Хан (Қытай); - 90 кг-нан жоғары: Айбек Оралбай — Кали (Моңғолия) — Маханов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы.
Әйелдер арасындағы жекпе-жектер - 48 кг: Айгерим Саттыбаева — Бобокулова (Өзбекстан); - 51 кг: Жазира Оракбаева — Бийол Ан (Солтүстік Корея); - 54 кг: Элина Базарова — Преети (Үндістан); - 57 кг: Улжан Сарсенбек — Руэнрос (Таиланд) — Нгуйен (Вьетнам) жұбының жеңімпазы; - 60 кг: Римма Волосенко — Прийа (Үндістан); - 65 кг: Лаура Есенкелди — Боро (Үндістан); - 70 кг: Бакыт Сейдиш — Сеон (Оңтүстік Корея) — Алимире (Қытай) жұбының жеңімпазы; - 75 кг: Валентина Хальзова — Сеонг (Оңтүстік Корея); - 80 кг: Надежда Рябец — Рани (Үндістан); - 80 кг-нан жоғары: Дина Исламбекова — Сотимбоева (Өзбекстан).
Бокстан Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Ұлан-Баторда (Моңғолия) өтеді.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов өзбекстандық Абдурасул Исмоиловты жеңген еді. Жекпе-жек Тараздағы бокс кешінде өтті.
Сондай-ақ: Қазақстан құрамасында бокстан әлем чемпиондарына қатысты шешім қабылданды


