Боаода Роман Скляр Қытай ХӨЖТК Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті

Хайнань провинциясындағы Боао қаласында Боао азиялық форумының 25-ші жыл сайынғы сессиясына қатысу аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті.
Роман Скляр Чжао Лэцзиді «екі сессияның» сәтті өтуімен және Қытайдың 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қабылдануымен құттықтады.
Сондай-ақ ол 15 наурызда республикалық референдум аясында ел азаматтары жаңа Конституцияны қабылдағанын атап өтіп, мұны Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызды қадам екенін айтты.
Бұдан бөлек, Роман Скляр екі елдің парламентаралық байланыстар саласындағы нәтижелі ынтымақтастығын, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестіктің серпінді дамуын, инвестициялар, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды атап өтті.

Өз кезегінде Чжао Лэцзи қытай тарапы Қазақстанмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына ерекше мән беретінін айтты. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталған реформаларды қолдайтынын жеткізді.
Кездесу барысында тараптар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» сияқты көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың маңызын да атап өтті.


