Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалында Қазақстанның әлем чемпионы Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Арман Махановпен кездесті.
Жекпе-жек 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) айқын жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін Айбек Оралбай жартылай финалға шығып, өзіне кемінде қола медальді кепілдендірді.
Айта кетейік, Айбек Оралбай — Қазақстанның көп мәрте чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы және әлем чемпионы.
Азия чемпионаты-2026 Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін Азия чемпионатының жартылай финалына Махмуд Сабырхан мен Торехан Сабырхан шыққан. Ал бүгін 1/4 финалдағы жекпе-жектерінде Оразбек Асылқұлов пен Ертуған Зейнуллинов жеңіске жетті.


