Астанадағы мектептегі жанжалдан кейін мұғалім жұмыстан босатылды

Астанадағы мектептердің бірінде педагогтың қатысуымен жанжал туындап, оқиға мұғалімнің жұмыстан босатылуымен аяқталды.
Не болды Елордадағы мектептердің бірінде болған оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлар «партаның астынан» түсірілгені көрсетіледі. Видеода ер адам, болжам бойынша мұғалім, оқушыларға дөрекі сөйлеп, шапалақпен ұрып, балағат сөздер қолданғаны және дауысын көтергені байқалады.
Астана қаласының білім басқармасы не дейді Ведомствоның мәліметінше, қызметтік тексеріс қорытындысында оқушыға қатысты физикалық күш қолдану фактісі анықталған.
«Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы негізінде атқарып отырған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство мектеп басшылығының да жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Директор мен оның орынбасарларына жеке жауапкершілік жүктеліп, оларға ресми тәртіптік жазалар қолданылған.
Жағдай профильдік органдардың бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 7 жастағы оқушы қыз мұғалімдердің біріне шағымданғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған болатын.
Сондай-ақ: «Жөргек кигізіп, қолын жоғары көтеріп тұрғызған»: оқиғадан кейін тәрбиеші балабақшаға қайта оралды
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


