Қостанай облысында қаркөлігі бұзылған ер адам координаттарын айтып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді

Өз координаттарын білу өмірді сақтап қалады
☎️ Қостанай облысы ТЖД-нің «112» пультіне Жалғыстал ауылы маңынан хабарлама келіп түсті. Арқалық қаласынан 26 км жерде қаркөлігінің бұзылуына байланысты мал іздеуге шыққан 1988 ж.т. ер адам далада қалып қойған. Ол құтқарушыларға өзі хабарласып, көлігінің істен шыққанын жеткізген.
☎️ Суық ауа райы және ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі 80 км қашықтық жағдайды күрделендіруі мүмкін еді. Алайда ер адам өз орналасқан орнын нақты біліп, координаттарын құтқарушыларға жеткізе алған. Сондай-ақ ол көмек келгенге дейін байланыста болған.
✅ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ауыл тұрғынын эвакуациялап, елді мекенге жеткізді. Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
⚠️ ТЖМ азаматтарды қолжетімсіз аймақтарға техникамен шыққанда барынша сақ болуға шақырады.




