🏠 Тұрғын үй рәсімдеуіне қатысты алаяқтық туралы ескерту: қауіпсіздік кеңестері

Соңғы уақытта тұрғын үй алу кезегіне байланысты алаяқтық жағдайлары жиілеп отыр. Злоумышленниктер өздерін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстырады. Олар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы байланысқа шығып, сенімге кіруге тырысады.
Көбіне алаяқтар «тұрғын үй кезегі келді» немесе «пәтер кілтін шұғыл рәсімдеу керек» деген сылтаумен жеке деректерді сұрайды немесе ақша аударуды талап етеді. Мұндай әрекеттер заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
📌 Маңызды ақпарат
- Банк қызметкерлері ешқашан сіздің шот деректеріңізді, құпиясөздерді немесе SMS-кодтарды сұрамайды;
- «Қауіпсіз шотқа» немесе бөгде шоттарға ақша аударуды талап етпейді;
- Құжаттарды рәсімдемейді және тұрғын үй кілтін мессенджерлер арқылы бермейді;
- Тұрғын үй алу процесі тек ресми тәртіппен жүзеге асырылады.
🔒 Қауіпсіздік шаралары
- Күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
- Ешкімге жеке деректеріңізді (ЖСН, карта нөмірі, кодтар) бермеңіз;
- Белгісіз шоттарға ақша аудармаңыз;
- Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
Егер күдікті хабарлама немесе қоңырау алсаңыз — дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
❗️ Азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз!
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


