Тұрғын үй кезегіне қатысты алаяқтықтан сақтану жөніндегі ескерту

Соңғы уақытта тұрғын үй кезегіне байланысты алаяқтық фактілері тіркелуде. Қаскөйлер өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстырады. Олар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы хабарласып, сенімге кіруге тырысады.
Алаяқтар көбінесе "үй кезегі келді", "пәтер кілтін жедел рәсімдеу керек" деген сылтаумен азаматтардан жеке деректерін сұрайды немесе ақша талап етеді. Мұндай әрекеттер заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
📌 Білгеніңіз абзал
- Банк қызметкерлері ешқашан сіздің шотыңыздың деректерін, құпиясөздерді немесе SMS-кодтарды сұрамайды;
- Ешқашан ақшаңызды "қауіпсіз шотқа" немесе басқа біреудің шотына аударуды талап етпейді;
- Мессенджерлер арқылы құжат рәсімдемейді және тұрғын үй кілттерін бермейді;
- Тұрғын үй алу тәртібі тек ресми түрде жүзеге асырылады.
🔒 Қауіпсіздік шаралары
- Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
- Жеке деректеріңізді (ЖСН, карта нөмірі, кодтар) ешкімге бермеңіз;
- Белгісіз шоттарға ақша аудармаңыз;
- Ресми ақпаратты тек сенімді дереккөздерден тексеріңіз.
Егер сізге күмәнді хабарлама немесе қоңырау түссе, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
❗️ Азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


