2 сәуірге арналған ескерту: Қазақстанның 13 облысында күшті жауын-шашын, тұман және өрт қаупі күтіледі

Синоптиктер 2 сәуір күні Қазақстанның 13 облысының тұрғындарын күшті жауын-шашын, тұман және өрт қаупі туралы ескертті.
Атырау облысы — облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырауда да кей уақытта тұман болады.
Түркістан облысы — күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз таулы аудандарда 15–20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы — түнде облыстың батысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады: түнде батыста, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің екпіні күндіз 15–18 м/с.
Жамбыл облысы — күндіз таулы аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысы — облыстың батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтауда да тұман болады.
Батыс Қазақстан облысы — облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай, бұршақ, шквал күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғатын жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с екпінмен соғады. Оралда түнде найзағай, бұршақ, шквал күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысы — түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысы — түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысы — күндіз облыстың батысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады: күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысы — түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы — түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде 15–18 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысы — облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады.
Ақмола облысы — түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады.


