СҚО-да өрт қауіпті кезеңге дайындық тексерілді: күштер мен құралдар әуеден, судан және құрлықтан бағаланды

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында табиғи өрттерді сөндіруге күштер мен құралдардың дайындығын тексеру бойынша іс-шаралар өткізілді. Оған ТЖМ авиациясы, жерүсті бөлімшелері және екі мотопомпа мен лафеттік өрт сөндіру оқпанымен жабдықталған аэрoқайық тартылды.

Аэрoқайық су айдындары бойындағы жетуі қиын жерлерде жедел әрекет етуге және өрттің орман алқаптары мен елді мекендерге таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл құрғақ өсімдіктер мен өрт қаупі жоғары кезеңде ерекше маңызды.
Сондай-ақ тікұшақ экипажы мен жерүсті қызметтері арасында радиобайланыс пен тұрақты радиоалмасу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өзара іс-қимыл мен жедел әрекет ету пысықталып, өрт қауіпті кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға барлық қызметтердің дайындығы бағаланды.


