2026 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері ТЖМ бақылауында

ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловтың төрағалығымен 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша бірлескен кеңес өтті. Жиынға экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық дамуды дамыту министрлігінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық және табиғи өрттердің туындауы мен таралу тәуекелдерін азайту мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту шаралары қаралды.
Дайындық аясында ТЖМ мен ЭТРМ бірлесіп орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы өрт қауіпті кезеңнің басталу мерзімдері айқындалды:
- оңтүстік және кейбір батыс өңірлерде – 26 наурыздан;
- орталық, солтүстік және кейбір батыс өңірлерде – 6 сәуірден;
- Шығыс Қазақстан облысында – 13 сәуірден.
ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында жерді қашықтықтан зондтау арқылы ғарыштық мониторинг енгізіліп, еліміздің аумағындағы термиялық аномалияларды жедел анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар найзағайды анықтау жүйесі жұмыс істейді. Орман қорын өртті ерте анықтау жүйелерімен қосымша жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Өңірлерде өрт қауіпті кезеңнің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары басталды. Орманды-дала алқаптарына, халықтың демалыс орындарына және шаруа қожалықтарына рейдтер мен тексерулер жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілуде.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар өрт қауіпті кезеңнің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шараларды күшейтуге және іс-қимылдарды үйлестіруге келісті.





